Жаңа 2023🎤
Nukoon мен бірлескен жаңа трек
текст:
1.Қосылды әуенім тағыда
Көп болды сен жайлы жазылмад(ы)
Қазір жүрсің басқаның жанында
Айрылдық арамызда соңында
Саған деген сезімім басылмад(ы)
Сағынышым кеудемнен таусылмад(ы)
Жүрегімде қалған сезімім
Басқа ешкімге әлі ашылмад(ы)
Мына жүрегім тек сені сағынад(ы)
Қолдарыңнан ұстауға ұмтылад(ы)
Көргісі кеп сені көздерім
Бүкіл тәнім сен үшін қиналад(ы)
Жанарыңа жасың жиналад(ы)
Әуенімді тыңдайсың қинала
Кешір осымен жаныңды қинасам
Ал мен өзімді осымен жұбатам
Қ-сы:
Жүректе сақтаған сырлар
Таусылмас біздің жырлар
Шын сүйген неге жандар
Қосылмас тағдыр шығар
2.Білесің мені жақсы көресің
Ұмытпадың өткеннің сүртіп жүрсің іздерін
Онымен суымады маған деген сезімдерің
Мен сол баяғыша әлі өмір сүріп келемін
Бойымдағы жылулықты сен алып алған
Менің мына сезімімді өзіне сің(і)ріп алған
Жанымда жоқ кезде ойларымда мәңгі қалған
Жан қайда меніменен бірге қатты армандаған
Ия армандадым сенімен үйленуді
Әке ана боламыз деген қайда сол бір сөзің
Менің көзім көрмей мен сені қатты сүйдім
Соңында махаббаттың отына қатты күйдім
Көріктім сен менің болған едің сүйіктім
Жаныңда тыным таппай жаным ау жүріппін
Айтушы ем ұқсайсын сен қызы түріктің
Осындай қәлге қалай жеттің сен сүйіктім